Фото: dauletten.kz
Жәрмеңкені Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, қалалық Еңбек мобильділігі орталығы және «Esil University» бірлесіп өткізеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтар мен оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс берушілер мен кандидаттардың тікелей байланысын орнату.
Жәрмеңке барысында компаниялар өз қызметін таныстырып, бос жұмыс орындарын ұсынады. Сондай-ақ олар ең лайықты үміткерлердің жеке базасын қалыптастырады. Өз кезегінде жұмыс іздеушілерге HR-менеджерлермен сұхбаттасуға және өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік беріледі.