Фото: Ашық дереккөз
Аталған турнирде топ жарған италиялық Янник Синнер әлемдік рейтингте қайта 1-орынға көтерілді. Екінші және үшінші орындарда испаниялық Карлос Алькарас пен германиялық Александр Зверев. Сондай-ақ Тэйлор Фриц (АҚШ), Новак Джокович (Сербия), Бен Шелтон (АҚШ), Алекс де Минаур (Аустралия), Феликс Оже-Альяссим (Канада), Лоренцо Музетти (Италия) және Каспер Рууд (Норвегия) ТОП-10 ойыншының қатарында.
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі өзінің 6-орнын сақтап қалды. Әйелдер арасында Арина Соболенко (Беларусь) алдына жан салар емес. Оны Ига Швентек (Польша) өшкелеп келеді. Одан кейінгі сатыларға АҚШ-тың үш бірдей теннисшісі – Коко Гауфф, Аманда Анисимова және Джесика Пегула жайғасты. Ал жұптық бәсекедегі Қазақстанның ең мықты ойыншысы Анна Данилина 13-сатыға табан тіреді.