Фото: russian.news.cn
Айрықша көліктер Қытайдың Гуанчжоу қаласында өндіріліп жатыр. Ауданы 120 мың шаршы метрлік зауыттың өндірістік қуаты жылына 10 000 авиациялық модульді құрайды. Бұл көрсеткіш – осы саладағы әлемдік зауыттардың ішіндегі ең ірісі.
Кәсіпорын толық қуатында іске кіріскенде әр 30 минут сайын бір ұшу аппаратын жинауды көздеп отыр.
XPENG AEROHT компаниясы өнімін таныстырғаннан кейін шамамен 5 000 «ұшатын көлікке» тапсырыс алып үлгерген. Ал «ұшатын көліктер» тапсырыс берушінің қолына 2026 жылы жеткізілмек.
Ұшып-қонатын электрлі ұшу аппараты автоматты және механикалық басқару режимдерінде ұсынылады. Автоматты режим интеллектуалды маршрут құруға, сондай-ақ бір батырманы басу арқылы ұшып-қонуға мүмкіндік береді. Жерүсті көлігінің ұзындығы шамамен 5,5 метр болады.