Оқиға • Бүгін, 14:43

Түркістанда болған атыстан бір адам қаза тапты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың 2 қарашасы түнінде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану фактісі тіркелді. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, тағы үш тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда болған атыстан бір адам қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, хабар түскен сәттен бастап аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу оқиға орнына шыққан. Жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталып, олардың бірі ұсталып қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтауға бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.