Мектеп • Бүгін, 15:12

Жүзу спорты мектеп бағдарламасына енгізіледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет отырысында Qazaq Aquatics Федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин    хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Бұқаралық спортты дамыту, халықтың су спорт түрлерімен айналысуға үндейтін қанатқақты жоба 2026 жылы Астана, Алматы қалаларында басталады.

Жүзу спорты мектеп бағдарламасына енгізіледі

Фото: Үкімет, телеграм

Д.Баландин жүзу сабағы мектеп бағдарламасының бір бөлігі болатын жобаны енгізу жұмыстары Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе жүргізіліп жатқанын баяндады.

Аталған екі қалада келер жылы қанатқақты режимде іске қосылғаннан кейін жоба бүкіл ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіледі деп жоспарланып отыр. Дмитрий Баландинның айтуынша, бастама АҚШ, Австралия, Венгрия сияқты елдердің үлгісі бойынша жүзеге асырылып жатыр. Олар жүзу бойынша әлемдегі ең мықты елдер және көп жылдан бері мектеп қабырғасында балаларды жүзуге оқыту бағдарламасын сәтті енгізіп келеді.

Елімізде 360-тан астам бассейн бар, оның 35-і – олимпиадалық стандарттағы 50 метрлік бассейндер.