Ауа райы • Бүгін, 09:49

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет мамандары 4 қараша күні еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауатынын, ал кей аймақтарда жел күшейіп, тұман болатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Фото: almaty.tv

Синоптиктердің мәліметінше, түнде солтүстік аймақта, күндіз еліміздің орталығында қар жауады. Оңтүстікте және таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауады. Ал республиканың батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Еліміздің көптеген өңірінде желдің күшеюі, тұман түсуі және көктайғақ байқалуы мүмкін. Сонымен қатар Жамбыл облысының батысы, шығысы мен орталығында, Алматы облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде көлік қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізілген еді.