Экспозицияға полиция қызметінің бір сәтін бейнелейтін 25 сурет қойылған. Интернет-алаяқтарды ұстау, саптық байқау, пандемия кезіндегі блок-бекеттердегі ұйқысыз түндер, балаларды құтқару операциялары – бәрі осы фотокадрларда көрініс тапқан. Ерекше назар аударған фотосуреттер 2024 жылғы рекордтық су тасқыны кезінде полицейлердің қажырлы еңбегіне арналған.
Онда адамдар мен үй жануарларын эвакуациялау, қайықтармен және аттармен тәулік бойы патрульде жүру және т.б көріністер бар. Тағы бір кадр 2021 жылдың ақпанындағы боранда 17 және 7 жастағы екі ағайынды баланы құтқару сәтінен түсірілген. Ағасы інісін өз киіміне орап жүрген ақтүтекте оларды 70-тен астам адам іздеп, ақыры құтқарған қуанышты көрініс көрермендерді тебірентпей қоймайды.
ПЕТРОПАВЛ