Фото: Ашық дереккөз
«Қаралған материалдардың нәтижесінде 6087 интернет-ресурс пен сілтемеге қолжетімділікті шектеу туралы 179 нұсқама берілді. Сонымен қатар, заңға қайшы контент орналастырған сайттарға үш ескерту хат жолданды», делінген министрліктің жауабында.
Бұдан бөлек, онлайн-платформалардың қылмыстық мақсатта қолданылуын азайту үшін министрлік әлеуметтік желілер әкімшілігіне 1874 материал бойынша 145 ескерту мен хабарлама жіберген.
Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылдан бастап интернет-платформа иелері ай сайын, есептік айдан кейінгі 5-іне дейін. Көрсетілген тауарлар мен қызметтер және жеке тұлғаларға жасалған төлемдер туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынуға міндетті болады.