Фото: Ашық дереккөз
Сейсмикалық дүмпудің координаттары – 36.843º солтүстік ендік пен 67.364º шығыс бойлық. Тереңдігі 120 шақырымды құраған жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.2, энергетикалық класы 14.2 болған.
Есептік деректерге сүйенсек, жер сілкінісінің күші еліміздің бірқатар оңтүстік аймақтарында 2 балл шамасында сезілген. Атап айтқанда, Шымкент қаласында, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Мырзакент елді мекенінде, Жетісай және Шардара қалаларында жеңіл дүмпулер байқалған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.