Фото: «Такси» фильмінен алынған кадр
Оқиға «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 1006-шақырымында, Ақмола облысы аумағында болған. Көлік Toyota Alphard маркалы.
2002 жылы туған жүргізуші жеке такси қызметін заңсыз атқарып келген. Ол жолақы ретінде 15 мың теңге алған. Көлікте үш жолаушы отырған. Олардың екеуі – жүргізушінің туыстары.
Патруль қызметкерлері жүргізушінің мінез-құлқынан нашақорлық белгілерін байқап, медициналық сараптамаға жіберген. Сараптама қорытындысы оның есірткі қолданған күйде көлік жүргізгенін растады.
Қазір бұл дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.