Алтайдың мәңгі қар басқан құзар шыңдарында сабаншы мекендейді. Таяуда Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан фототұзақтарды тексеру барысында өте сирек кездесетін сабаншының фототұзаққа ілінгені белгілі болды. Дүниежүзінің және еліміздің Қызыл кітабына енген сабаншыны «манул мысығы» деп те атайды. Ұлттық табиғи парктің жануарларды қорғау және өндіру бөлімінің бастығы Ерік Қасымовтың айтуынша, Алтайда сабаншының мекендейтінін фототұзақ арқылы анықтау – еліміздегі айтулы ғылыми жаңалық болып отыр. Себебі, осы уақытқа дейін аталған аң ешқандай фототұзаққа ілінбеген екен.
Алтай орманының Сарбет учаскесіне қойылған құрылғыға сабаншының дене бітімі анық түсірілген. Биологиялық анықтамасына келер болсақ, жыртқыштар отрядының мысық тұқымдастарына жататын аң латынша – Otocolobus manul, моңғолша мануул деп аталады. Құлақ қалқандары кішкентай, самайында сақалы бар. Інін жартас арасына, кейде ірі бос апандарға салатын манул ақпан-наурыз айларында мауығып, сәуір-мамыр айларында күшіктейді. Жемін ымыртта, түнде аулайды. Сабаншы далалы жазықта, жоталы, жартасты жерлерде, сондай-ақ, теңіз деңгейінен 1000 метр биіктіктерде кездесуі мүмкін. Үстірт, Мұғалжар жоталарында, Қаратау, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Оңтүстік Алтайда тараған. Ресейдің Алтай, Тыва, Краснодар өлкелерінде мекендейді. Аңшылық пен апандарын бүлдіру, өрт апаттарынан саны азайып кеткен аң өте сирек кездеседі.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше