Елордадан бастау алған акция кербез Көкшетау өңірін аралап, енді, міне, қасиетті Қызылжар жеріне, Мағжан еліне де келіп жетті. «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс» республикалық эстафетаның символы – үлкен Тайқазанның кіші көшірмесін ала келген Ақмола облысының делегациясын жергілікті этномәдени өкілдері құшақ жая қарсы алып, гүл шоқтарын ұсынды. Қонақтар алдымен Аққайың ауданындағы Смирново қарттар үйіне соғып, тағдырдың тауқыметімен осында тұрып жатқан жалғызілікті жандармен кездесті. 1971 жылы бой көтерген интернатта 13 этностан құралатын 345 тәрбиеленуші бар. 38-і – тыл еңбеккерлері. Қарттар үйінің директоры Андрей Сембаевтың айтуынша, мұнда барлық әлеуметтік жағдай жасалған. Күніне бес рет ыстық тамақ беріледі. Медициналық блок, стоматологиялық кабинет жұмыс істейді. Сапардың мән-мақсатын Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Нааиль Салимов айтып берді.
– Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы ел көлемінде кеңінен атап өтіледі. Осыған орай Елбасының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы жарияланды. Ондағы мақсат – жұртшылықты саяси құрылымның жұмысымен таныстыру, Тәуелсіздігіміздің асыл құндылықтарын насихаттау. Қариясын қадірлеген елміз ғой. Акцияның алғашқы қадамын сіздерден бастауды ұйғардық, – деген ол молшылықтың кепілі, жақсылықтың белгісі, баршылықтың базары болып табылатын тайқазанның не себепті басты символикалық белгі ретінде алғанын түсіндіріп берді.
Облыс орталығынан келген көркемөнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты. Қарттар үйіне плазмалы теледидар тарту етілді.
– Ата, ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында сізді арнайы құттықтауға келдік, – деді делегацияны 90 жастағы соғыс ардагерінің үйіне бастап келген еврей қауымдастығының төрағасы Рашбиль Евдаев сөзін кеудесі ордендер мен медальдарға толы Әмірхан Мұқанов ақсақалға қарата айтып. –Биылғы мерейлі мерекелер ұлттар мен ұлыстарды ортақ мақсатқа жұмылдырған шараларға толы. Ұлтаралық татулық пен келісім – басты байлығымыз, алтын діңгегіміз. Ассамблея – тұтастықтық пен тұрақтылықтың киелі бесігі.
18 жасында армияға алынып, барлаушы ретінде ерлік үлгілерін көрсеткен майдангерге сыйлық табыс етілді.
Делегация мүшелері Қызылжар ауданына қарасты даму мүмкіндігі шектеулі және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған түзету мектеп-интернатында болғанда тәрбиеленушілер тайқазанды қызықтап, шығу тарихы жайлы сұрасып жатты. Оларға да базарлық үлестіріліп, сыйлық табысталды.
Мұндай мазмұнды жүздесуден Мамлют мектеп-интернат санаторийінің балдырғандары да шет қалмады. «Алтын жүрек» акциясы шеңберінде қайырымдылық шаралары көрсетілді.
Тікелей эфирде ұйымдастырылған көшпелі баспасөз конференциясына әкімдіктің жауапты қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, акция аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Теле үнқатысуды облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова ашып, Президенттің «Біздің басты байлығымыз – бірлігіміз. Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін», деген пайымдарын еске сала отырып, халықтар мен діндер арасындағы келісім Қызылжар өңірінің де басты өзегі болып табылатынын алға тартты. Оның сөзін «Орыс қауымдастығы» ұйымының басшысы Николай Авдеев, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Кәрібай Мұсырман, СҚМУ Қазақстан Ассамблеясы кафедрасының жетекшісі Людмила Гривенная, тағы басқалары толықтырып, біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз жалғыз. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігіміз бемек, босағамыз берік болсын деген ақжол тілектер айтты.
Эстафетаның соңғы нүктесі Погодин атындағы орыс драма театрында қойылды. Онда облыс әкімінің орынбасары А.Дүйсенова Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу рәсіміне орай ұйымдастырылған «20 игі іс» эстафетасының символы – Тайқазанды Павлодар облыстық ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Сейсенбай Жетпісбаевқа дүйім жұртшылықтың алдында салтанатты түрде табыс етті.
Салтанатты рәсім соңы концертке ұласты.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.
Суреттерді түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59