Фото: Ақорда
Нысанның құрылысы биыл қазан айында аяқталған. Жаңа спорт кешені UEFA талабы бойынша IV санатқа сай келеді.
Аренада халықаралық сайыстармен бірге мәдени іс-шараларды өткізуге болады.
Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар бар.
Мемлекет басшысы «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен әңгімелесті.

«Қайсар» – елімізде жеке меншікке өткен алғашқы клубтардың бірі. Алдағы уақытта футбол академиясы салынады. Клубтың келешегі жарқын болады деп ойлаймын. Баршаңызға табыс тілеймін, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында Президент футбол добына қолтаңба қойды.