ОРАЛ. 19 ақпан. Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Мекебаев жалған кәсіпкерлік пен банкроттыққа және салық төлеуден жалтарушылыққа қатысты 52 қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады.
Мемлекетке келген шығынның көлемі 5 млрд. теңге құрап отыр. Осы қомақты сомадан дәл қазіргі күні бюджетке қайтарылғаны 100 млн теңгеден сәл ғана асады.
Осы арада айта кетер жайт, экономикалық тексеру қызметі ойын бизнесіне қатысты қылмыстарды әшкерлеуде. Бұған елімізде Бурабайдан басқа жерде тиісті заңдылықтар бойынша тыйым салынған. Соған қарамастан өзге өңірлерде жасырын ойын нүктелері бар екендігі талас туғызбайды. Бұған азаматтар мен тұрғындардың көлеңкелі экономика жөніндегі басқармаға жолдаған үнқатысулары дәлел бола алады.
Аталған басқарманың басшысы Эрик Алдыбергеновтың айтуынша, қазіргі күні лотереялық терминалдар қызметіне жан-жақты талдаулар мен сараптамалар жүргізілуде. Мұндай терминалдар республика қалаларындағы көптеген кафелер мен сауда нүктелеріне орнатылған. Бұлардың ойын терминалдарына қатысы болуы әбден мүмкін. Бұған көп кешікпей құқықтық баға берілмек. Сол кезде аталған қондырғылардың заңды немесе заңсыз екендігі толықтай анықталатын болады.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: еgemen.kz.
• 19 Ақпан, 2015
Батыс Қазақстанда жалған кәсіпкерліктен келген зиян көп

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше