Жаңа ереже 25 қазаннан бастап күшіне енді. Енді Douyin, Bilibili және Weibo сияқты әлеуметтік желілер өз блогерлерінің осы талаптарды орындауын өздері қадағалайды. Егер блогер кеңес берсе немесе талдау жасаса, ол өз сөзіне сүйенген дерек пен зерттеуді көрсетуге тиіс.
Бұл шешім қоғамға дұрыс әрі сенімді ақпарат тарату үшін қабылданған. Қытай билігі жалған ақпараттың алдын алуды және кәсіби тақырыптағы контенттің сапасын жақсартуды көздеп отыр.