Қазақстан • Бүгін, 11:08

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның су саласы дамуын оң бағалады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің су ресурстарын басқару, есепке алу және бөлу жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамаларын халықаралық сарапшылар жоғары бағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның су саласы дамуын оң бағалады

Фотолар: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Халықаралық кеңесші Мехмет Эрдогду еліміз су шаруашылығы саласын дамытуда дұрыс бағыт таңдаған деп санайды.

«Қазақстан цифрлық технологияларды енгізуде дұрыс бағытта келе жатыр. Әсіресе, ирригация және суару жүйелерін басқару саласында. Цифрландыру үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуге және шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинауға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялар суды тиімді әрі үнемді пайдалануға жол ашады», деді М.Эрдогду.

gov.kz

Ал Құрғақ аймақтардағы ауыл шаруашылығын зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICARDA) ғылыми қызметкері Акмаль Акрамхановтың айтуынша, Қазақстан қабылдап жатқан шешімдер елдегі су шаруашылығының одан әрі дамуына жол ашады.

«Қазақстан су шаруашылығы саласын цифрландыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Маңызды шешімдер қабылданып, бұл бағыттағы тиімді қызметтің негізі қаланды. Цифрландыру үлкен аумақтарды қамтуға, сапалы мониторинг пен өлшеу жүргізуге, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді», деді А.Акрамханов.