Фото: x.com/kumv_tv
Әуе кемесі әйгілі Масаи-Мара ұлттық қорығына бағыт алған. Билік өкілдерінің хабарлауынша, ұшақ Диани қаласының ұшу-қону жолағынан шамамен 40 шақырым жерде, орманды және төбелі аймақта құлаған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апат кезінде ауа райы қолайсыз болған, нөсерлі жаңбыр жауып тұрған. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ құлаған сәтте қатты жарылыс дауысы естілген.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары апаттың нақты себебін анықтап жатыр. Mombasa Air Safari әуе компаниясы қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, тергеу барысына толықтай қолдау көрсетіп отырғанын мәлімдеді.