Кітаптың тұсаукесері Ыстанбұл қаласында ерекше ілтипатпен өтті. Абай атындағы мектепте, университетте, Қазақ қоры қоғамында, орталық кітапханада, республикалық музейде таныстырылды.
Абай мектебіндегі іс-шараға Ыстанбұлдағы Бас консулымыз Нұриддин Аманқұл қатысып, Алаш арысының түркі дүниесіне қатысты терең ойларын кеңінен тарқатты. Сондай-ақ ол жазушының Абай туралы еңбектерінен тағылымды үзінділер оқыды.
Іс-шара барысында оқушылар Абай мен Міржақып шығармашылығына арналған сұрақ-жауапқа белсене қатысып, білім мен ізденіс деңгейін танытты. Еске сала кетейік, кітаптың түрік тілінде жарық көруіне демеушілік көрсеткен Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев.