19 Ақпан, 2015

Павлодар облысында су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19 02 - su taskini ПАВЛОДАР. 19 ақпан. Ақсу қаласының әкімі Қайрат Нүкенов қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жалпы, облыста су басу қаупі бар ауылдарды анықтау мақсатында қазір жұмыс топтары  құрылуда. Ал, Асқуға қарасты Төртқұдық, Суаткөл, Барынтал, Парамоновка, Сарышығанақ, Қалқаман, Қызылжар, Жолқұдық, Алғабас ауылдарында үйлерді су басу қаупі бар. Сондықтан тасқынның алдын алу шараларына «Ақсу су арнасы», «Теплосервис-Ақсу», «Ауыл су сервис» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорындары мен «Горкомхоз-Ақсу» ЖШС-ның арнайы техникаларының жұмылдырылатыны айтылды. Қазір Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен пәтер иелері кооперативтері қар тазалау жұмыстарын жалғастыруда. Су тасқынының алдын алу шараларына техникаларды дайындау, жанар-жағармай мен қамтамасыз ету тапсырылды. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: thenews.kz.
Соңғы жаңалықтар