АТЫРАУ. 19 ақпан. Атырауда жылжымалы жедел басқару орталығының инспекторына пара бермек болған көлік жүргізушісі ұстады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, жол ережесін өрескел бұзған «ВАЗ-21014» көлігінің жүргізушісі әкімшілік хаттама толтыртпай, жауапкершіліктен қашу үшін инспекторға екі мың теңге көлемінде пара бермек болған. Бейнебақылау инспекторы сол бойда Атырау облыстық ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлайды. Аталған басқарманың қызметкерлері 1978 жылы туған жүргізушіні бұлтартпас айғақпен ұстады. Қазір пара берушіні тиісті жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», деп хабарлады департаменттің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.
Оның мәлім етуінше, жыл басынан бері әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік қызметкерлері жолда жүру ережелерін бұзудың 13 000 (он үш) мыңға жуық фактісін анықтады. Тіркелген фактінің 7 мыңнан астамы жол ережесін өрескел бұзғандарға қатысты болып отыр.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаменті.
Сурет: alashainasy.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше