«Aqqu Resort & Camp» – өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды бастама. Кешен көпфункционалды форматта жұмыс істейді: жаз мезгілінде 300-350 балаға арналған «Aqqu Camp» балалар лагері ретінде, ал қалған уақытта курорттық және корпоративтік демалыс орталығы ретінде қызмет көрсетеді. Жоба инвестордың жеке қаражаты есебінен салынып жатыр.
Кешен аумағында заманауи тұрғын корпустар, ересектер мен балаларға арналған екі ашық бассейн, 50 орындық кинозал, футбол алаңы мен спорттық аймақтар, медициналық пункт және өз мейрамханасы орналасқан.
Нысан маусым кезінде 100-ден астам адамды жұмыспен қамтиды.
Маңғыстау облысы