Республика күні • Бүгін, 10:53

Мереке қарсаңында Каспий теңізіне жаңа кеме түсірілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күні мерекесіне орай Ақтаудағы 20-кемелер айлағында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қарасты Жағалау күзеті бірінші дивизионының «Семей» кіші күзет кемесіне теңіз дәстүріне сай ту көтеру салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке қарсаңында Каспий теңізіне жаңа кеме түсірілді

Кеме Қазақстанның мемлекеттік шекарасы мен континенттік қайраңын күзетуге, заңсыз кеме қатынасын, контрабанданы және қарақшылықты болдырмауға арналған. Жоғары жылдамдықты дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған су көлігі 7-10 күн автономды жүзе алады. Қару-жарақ кешенінде 12,7 мм автоматтандырылған басқару жүйесі бар.

-«Семей» кемесі заманауи навигациялық жүйелермен, жоғары дәлдіктегі бақылау құрылғыларымен және күрделі жағдайда тиімді қызмет атқара алатын қару-жарақпен жабдықталған. Бұл – еліміздің теңіз шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама. Кемені құрастырып, жобалаған «Орал «Зенит» зауытының мамандарына алғыс айтамын, шекарашыларға мықты денсаулық, табысты қызмет, бейбіт теңіз және ашық аспан тілеймін, деді өңір басшысы Н.Қилыбай. Сондай-ақ аймақ басшысы бұл оқиғаның жаңа кеме үшін ғана емес, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірдің әскери-экономикалық әлеуетін нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Салтанатты іс-шара соңында қатысушылар кеме экипажымен және оның техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Маңғыстау облысы