Қазақстан • Бүгін, 10:42

2026 жылы Жылқы шаруашылығы институтының құрылысы аяқталады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мал шаруашылығын дамытуға және қазақтың жылқы шаруашылығы дәстүрін сақтауға бағытталған жоба шеңберінде Ақтөбе облысында жүргізіліп жатқан «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ғимаратының құрылысы 2026 жылғы мамыр айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр, деп жазады Egemen.kz.

2026 жылы Жылқы шаруашылығы институтының құрылысы аяқталады

Фотолар: Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Қазақ ғылыми-зерттеу жылқы шаруашылығы институты өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылды. Бір жылдан аз уақыт ішінде бұрынғы тәжірибе стансасы ғылыми-зерттеу мекемесіне айналды. Қазіргі уақытта заманауи ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр, оның құрамында асыл тұқымды жылқыларды жан-жақты зерделеуге арналған бес зертхана қарастырылған. Институттың негізгі міндеттері – жылқы еті мен қымыз экспортын дамыту, ұлттық спорт түрлерін насихаттау және спорттық жылқы шаруашылығын өркендету. Сондай-ақ отандық шабандоздардың халықаралық жарыстарға қатысуына жағдай жасау жоспарланып отыр», деді «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әлібек Базарғалиев.

gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше институт құрылымында манеж, ат қоралар, ветеринариялық пункт, зертханалар және ипподром қарастырылған. Бұл кешен ғылыми зерттеулер жүргізуге, практикалық жұмыстар атқаруға және жылқы шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

gov.kz

Келер жылы құрылысы аяқталатын жобаны іске асыру саланың ғылыми негізін нығайтып, асыл тұқымды жұмыстардың сапасын арттыруға және еліміздің жылқы шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.