
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Аталған инспекция мамандары су заңнамасының сақталуын бақылау тұрғысында 58 тексеру жүргізіп, 25 млн теңге сомасында 52 әкімшілік айыппұл салған.
Судың экологиялық мақсатта жіберілуі нәтижесінде Павлодар облысында шамамен 305 мың гектар жер суарылған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 27,5 мың гектарға артық.
2025-2027 жылдарға арналған өзендер мен көлдерді санациялау жөніндегі жол картасы аясында Абай облысында 15 шақырымдық Кіндікті, Көкпекті өзендері учаскелерін тазарту жұмыстары аяқталған.
Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлының айтуынша экологиялық мақсатта су жіберу жұмыстары жыл сайын экожүйелер мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау, сондай-ақ су нысандарын ластанудан және таусылудан қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
«Бұдан бөлек, су жіберу арқылы шалғындықтар мен табиғи жайылымдар суарылады. Бұл мал шаруашылығының жем-шөп қорын қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етеді», деді М.Жәдігерұлы.