Ауа райы • Бүгін, 09:20

Синоптиктер 12 аймақта күн бұзылатынын ескертті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 23 қазан күні Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайдың орнауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер 12 аймақта күн бұзылатынын ескертті

Фото: Ашық дереккөз

«Қазгидромет» мәліметінше, 23 қазан күні Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларында, ал түнде Атырау мен Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың бірігуінен туындайтын құбылыс. Бұл факторлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

Синоптиктердің ескертуінше, ҚМЖ кезінде ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл өз кезегінде адамдардың денсаулығына әсер етуі ықтимал. Тұрғындарға абай болуға, әсіресе тыныс алу жолдарына сезімтал адамдарға сақтық шараларын сақтауға кеңес беріледі.