19 Ақпан, 2015

Павлодарда 300 мыңнан аса жалдамалы бар

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-02-15-naemniki-1

АСТАНА. 19 ақпан. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысындағы жалдамалы жұмысшылар саны 331,5 мыңға жеткен. Бұл туралы ranking.kz сараптамалық ресурсына сілтеме жасаған pavlodarnews.kz тілшісі хабарлады. Сарапшылардың мәліметінше, өңірдегі жалдамалы жұмысшылардың қатары салыстырмалы кезеңге қарағанда 2 мыңға артқан. Сараптамалық ресурстың ақпаратына сүйенсек, облыстағы жалдамалы жұмысшылар экономикалық тұрғыдағы белсенді тұрғындардың 75,5 пайызын құрайды. Ресми түрде жалақы алушылар саны бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Бұл аймақта 648,3 мың жалдамалы қызметкер бар. Яғни, өсім 7,9 пайызды құрайды. Ал Павлодар облысында бұл көрсеткіш 1 пайыз ғана. Тұрғындардың жалпы саны қатарынан жұмыспен қамтылғандар бойынша Павлодар өңірі үздік үштікті тұйықтайды. Қазіргі таңда облыста жалдамалы қызметте еңбек ететіндер 43,9 пайыз болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, 2014 жылдың желтоқсанында жасалған қорытынды бойынша еліміздің 6,1 млн. халқы жалдамалы қызметкер болып табылады. Мұрат Айтқожа.
Соңғы жаңалықтар