
Фото: Қорғаныс министрлігі
ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы полковник Серік Жолдыбаевтың айтуынша, метеорологиялық қызметтің сапасы ұшақтардың көтерілуінен бастап, теңіздегі кемелердің қозғалысы мен зымыран ұшырудың қауіпсіздігіне дейін тікелей әсер етеді.
Әскери мамандар тек ауа райын болжаумен шектелмейді. Олар «Қазгидромет» қызметімен бірлесе жұмыс істеп, су тасқыны мен дауыл сияқты төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысады. Осындай өзара іс-қимылдың арқасында әскер табиғи тосын жағдайларға барынша дайын болады.
«Заманауи техниканы практикалық қолдануға ерекше назар аударылуда. Әскерилер ПМС-70 жылжымалы метеостанциясын орналастыру тәртібін және Финляндияда шығарылған CL31 лазерлік бұлт өлшегішін қолдануды пысықтады. Бұл құрылғы бұлтты үздіксіз бақылауға арналған және кез келген ауа-райында тәулік бойы жұмыс істей алады, барынша дәл өлшеуді және автоматтандырылған ұшуды басқару жүйелеріне деректерді беруді қамтамасыз етеді», деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл бағыттағы жетілдірулер елдің қорғаныс қабілетін нығайтып, жауынгерлік тапсырмалардың дәлдігі мен қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтермек.