
Кездесу аясында тараптар денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі тарап болашақта медициналық тәжірибе және ақпарат алмасу, халықаралық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, заманауи емдеу әдістері мен технологияларын енгізу, қазақстандық медицина қызметкерлерін Оңтүстік Кореяда оқыту және біліктілігін арттыру (стажировка, семинар, мастер-класс) және күрделі аурулар бойынша кәсіби кеңестер өткізу секілді бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
Нариман Төреғалиев өз сөзінде халықаралық серіктестіктің өңірлік медицина жүйесін дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, мұндай бастамалар тұрғындардың денсаулығын жақсартуға және медициналық қызметтің сапасын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.
Тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестік орнатуға дайын екендігін білдіріп, нақты жобалар бойынша бірлескен жұмысты бастауға ниет танытты.
Батыс Қазақстан облысы