
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі
Болжамды жинау алаңы 16 млн гектарды құрайтын дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 15,7 млн гектары немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналған. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылған.
Одан бөлек, 3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 225,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп және гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,9 млн тонна көкөніс жиналған.
Атап айтқанда, 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат, 430 ц/га өнімділікпен 1047,7 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз жиналды.