Футбол • Бүгін, 12:10

«Атырау» футбол клубының бас менеджері қызметінен кетті

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау» футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбек қызметінен кеткені мәлім болды. Ол бұл қызметті наурыздан бері атқарып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау» футбол клубының бас менеджері қызметінен кетті

Футбол клубының баспасөз қызметі бас менеджердің қызметінен кеткенін растады.

«Дидар Бақытбекұлы өз еркімен қызметтік лауазымын босату туралы шешім қабылдады. Ол қиын кезеңде клуб тізгінін ұстап, ұжымды дағдарыстан сәтті шығара білді. «Атыраудың» инфрақұрылымын түзетіп, ең бастысы – команданы Қазақстан Премьер-лигасында қалдыру міндетін абыроймен орындап шықты», деп хабарлады клутың баспасөз қызметі.

Ал Дидар Сыдықбектің айтуынша, өз еркімен қызметінен кетуіне отбасылық жағдайы себеп болған.