Ауа райы • Бүгін, 09:40

Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күшті жел соғып, тұман түсіп, жоғары және төтенше өрт қауіптілігі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Ал облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбенің батысында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қауіптілігі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде төтенше, ал батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік, оңтүстік және шығыс аймақтарда төтенше, солтүстік-шығыс пен оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы өңірлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с шамасында болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел Алакөл көлдері ауданында 15–20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Оңтүстігінде төтенше, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыс аумағында төтенше және жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Маңғыстау облысында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында түнде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. 20–22 қазан аралығында облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше, ал шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Шымкент қаласында да 20–22 қазан аралығында төтенше өрт қаупі сақталады.