
Фото: Анадолы
Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Кайсери қалалық муниципалитетінің көлік басқармасы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, күзетшінің қырағылығының арқасында үлкен қайғылы жағдайдың алдын алғанын айтты.
«Бүгін таңертең трамвай желісінде құлаққап тағып жүрген жолаушы өміріне қауіп төндіріп алды. Бақытымызға орай, қауіпсіздік қызметкерінің жылдам әрекеті оның өмірін сақтап қалды», делінген ресми хабарламада.
Қалалық билік тұрғындарды қоғамдық көліктер маңында жүріп-тұру кезінде абай болуға және құлаққапты пайдаланбауға шақырады.