Экономика • Кеше

Елімізде коммуналдық тарифтер бағасы алдағы 5 айда өспейді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қазан Президент  Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырған болатын, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде коммуналдық тарифтер бағасы алдағы 5 айда өспейді

Фото: energyprom.kz

Осыған орай Үкіметте Үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының азаматтар мүддесі үшін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиында 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін барлық тұтынушылар тобы үшін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтермеу шешімі де қабылданды.

Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев электр, жылу, су, газбен жабдықтау және кәріз сынды коммуналдық қызметтерге бағаны көтеруге мораторий енгізілгенін мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, экономиканы жақсартуға бағытталған шаралар кешенін әзірледі. Бірінші кезекте 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тарифтердің өсуін тежеу мәселесі қозғалады. Біз электрмен, жылумен жабдықтау, сумен, кәріз және газбен жабдықтау сияқты коммуналдық қызметтер туралы айтып отырмыз. Бұл өмірлік маңызды салалар. Осы орайда біз аталған қызметтердің тиісті сапасын, барлық инвестициялық іс-шаралардың орындалуын және ТКШ инфрақұрылымының тұрақты, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеміз», деді ұлттық экономика вице-министрі.