19 Ақпан, 2015

Қазақстанда авиабилеттер бағалары арзандайды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-02-15-samolet-1

АСТАНА. 19 ақпан. Қазақстанда авиабилеттер бағалары арзандайтын болады. Бұл туралы Инвестиция және даму министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің сөзіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. «Біз өткен аптада негізгі операторлармен кеңес өткізіп, оларға бір аптаның ішінде авиабилеттер бағаларын төмендету жөнінде ұсыныс білдірдік», - деп түсіндірді Қасымбек. Оның айтуынша, «Эйр Астана» ішкі рейстердің бағаларын төмендететін болады. «Бірден ашып айтайын, SCAT компаниясы да бағаны төмендетеді. Олар бізге осыған байланысты есептерін береді. Керосиннің бағасы айтарлықтай арзандап кетті. Біз енді осыларға қарай келіп, «Эйр Астананың» билет бағасын 30 пайызға, SCAT-тың 38 пайызға арзандатуын талап етеміз», - деді вице-министр. Сонымен қатар, Ж.Қасымбек теміржол билеттерінің бағалары өзгеріссіз қалатынын айтты. Бұдан басқа, әкімдіктерге жергілікті қоғамдық көліктерде жүру бағаларын арзандату мәселесін қарау ұсынылған. Мұрат Айтқожа.
Соңғы жаңалықтар