Қоғам • 16 Қазан, 2025

Бас прокуратура мұғалімдерге жаңа киберқауіп туралы ескертті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жаңа киберқауіптен сақ болуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Бас прокуратура мұғалімдерге жаңа киберқауіп туралы ескертті

Орталық шетелдік дереккөздерді зерттей келе АҚШ-тың 25 оқу орнындағы 6000-нан астам мұғалім зардап шеккенін мәлімдеді. 

Интернет – алаяқтар төлем деректемелеріне қол жеткізіп, оларды өздерінің банк шоттарына аударып, ақша ұрлаған.

Алаяқтықтың бұл түрі әлемнің өзге елдерінде де таралу қаупі бар. Сондықтан орталық киберқылмыскерлердің құрбаны болмау үшін сілтемелер арқылы өтпеу күмән тудыратын хаттарды ашпауды, күрделі құпия сөздерді қолданып, екі факторлы аутентификацияны пайдалануды ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар