АСТАНА. 19 ақпан. Сәуір айының басында Қазақстанға ресми сапармен Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан келеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, ол өзінің венгриялық әріптесімен сөйлесіп, сапар жайын талқылаған.
«Біз бүгін Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға сапары жөнінде сөйлесіп, дайындық жұмыстарын талқыладық. Орбан мырза әлемдегі алдыңғы қатарлы саясаткер. Оның көп жайтқа қатысты өзіндік көзқарастары бар. Сондықтан біз Виктор Орбанның сапарын асыға күтеміз. Сапардың басты тақырыбы қос ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты күшейту жұмыстары болмақ», – деді министр.
Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Венгрия арасындағы экономикалық қатынастарды дамыту үшін арнайы екіжақты кеңес құруды жоспарлап отырғандарын айтып өтті.
Жолдыбай Базар.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: news.gazeta.kz.
• 19 Ақпан, 2015
Сәуірде Қазақстанға Венгрия премьер-министрі келеді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше