Оқиға • Бүгін, 10:30

Халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік Түркістан облысында қолға түсті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-17 қазан аралығында Түркістан облысының аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 627 дерегі анықталды, деп жазады Egemen.kz.


Халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік Түркістан облысында қолға түсті

Фото: ІІМ

Оның ішінде екі шетелдікке халықаралық іздеу жарияланғаны анықталды.  468 факт Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзумен байланысты. Сондай-ақ қабылдаушы тараптың шетелдік азаматтардың болу ережелерін сақтамауының 117 фактісі және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 42 дерегі белгілі болды. Сот шешімімен 356 шетелдік елден шығарылып, 158 шетелдіктің Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды.

Ішкі істер министрлігі шетелдік азаматтардың болу мерзімін уақтылы рәсімдеу және ұзарту әрбір қабылдаушы тараптың жауапкершілігі екенін ескертіп отыр.