
Фото: Ашықт дереккөз
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Ризабек Мұсағалиевтің айтуынша, аталған акцияны қолдауға 60-тан астам сауда нүктесі қолдау білдірді.
«Акцияның мақсаты – азық-түлік бағасын 15 пайызға төмендету үшін қазақстандық тауарлардың уақытша арзандатылуын қамтамасыз ету, отандық өнімді тұтыну көлемін арттыру, өндірушілер мен сауда желілері арасындағы байланыстарды нығайту. Бұл ішкі өндірістің еңсе тіктеуіне, елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді» дейді Ризабек Мұсағалиев.
Оның дерегіне қарағанда, төмен бағамен сатылатын тауарларды «Ярмарка», «Анвар», «Ideal» және «Marco» секілді ірі супермаркеттерден табуға болады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне арналған төмен бағалар арнайы безендірілген сөрелерде орналастырылған.