Қоғам • Бүгін, 00:30

Абай облысында жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының Бородулиха ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жастағы қыз бала Семей қаласынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды

Бородулихада жоғалған қыз баланы полицейлер тапты.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 13 қазанда Абай облысы Бородулиха ауданының полициясына кәмелетке толмаған Аружан Саржанның үйінен белгісіз бағытқа кетіп, сол қалпы оралмағаны туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлері бірден іздестіру шараларына кірісіп, қыздың жүруі мүмкін бағыттары тексерілді, тұрғындар мен туыстарынан жауап алынды, сондай-ақ барлық қолжетімді дерекқорлар мен бағдарлар пайдаланылды.

«Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Аружан Семей қаласынан табылды. Қыздың айтуынша, үйден кетуіне туыстарымен болған жанжал себеп болған.

Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қыз туыстарына тапсырылды», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше