Денсаулық • Кеше

Ерейментауда 7 адам уланып қалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Ерейментау ауданында жаппай улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерейментауда 7 адам уланып қалды

Бұл туралы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне бірдей белгілермен жеті адамның түскенінен кейін белгілі болды. Алдын ала тексеріс нәтижесі бойынша олардың жағдайының нашарлауына тағамнан улану себеп болуы мүмкін.

Ерейментау ауданының учаскелік полиция инспекторы оқиға туралы тиісті қызметтерге дереу хабарлады. Тергеу барысында зардап шеккендердің барлығы бір шараға қатысқаны анықталды. Аталған факті бойынша

- Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары улану көзін және кінәлі тұлғаларды анықтап жатыр, – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше