
Осыған байланысты "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Қызылорда полиция департаменті облыстың ойын-сауық орындарынан келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға талдау жүргізді. Олардың басым бөлігі «Мак», «Айбек», «Золотая рыбка», «Кипчачка», «Ергош», «Элегия», «Винни-Пух», «Форвест», «Дашосай» кафелері мен «Дубай», «The One» түнгі клубтарынан түскенін анықтаған.
Жыл басынан бері «102» операторының пультіне 273 көңіл көтеру орындарынан 965 хабарлама түссе, 450 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 18 қылмыстық іс қозғалыпты.