ПЕТРОПАВЛ. 19 ақпан. Солтүстік Қазақстанда қар тазалау жұмыстарына облыстық қазынадан 230 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде екі мыңнан астам құтқарушы, 1250 техника, 315 жылыту қосыны қысқы маусымға тыңғылықты дайындықтармен кірісіп, төтенше жағдайларды болдырмаудың шараларын жан-жақты қарастырып келеді.
Биыл облыста қар өте қалың. Саршұнақ аяз бен долы боран салдарынан шалғайдағы елді мекендердің қар құрсауынан шыға алмай қалатын кездері кездеседі. Табиғаттың тосын «мінездеріне» байланысты кей аудандарда төтенше жағдай жарияланды.
Осындай қиындықтарды ескерген болу керек, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің шешіміне сәйкес облысқа 2 шнекоротор, 3 бульдозер мен 3 автогрейдер техникалары берілді. Олар аудандарға жіберіліп, жер-жерлерде жедел әрекет ету отрядтары құрылды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.
Сурет: akimsemey.gov.kz.
• 19 Ақпан, 2015
Солтүстік Қазақстанда қар тазалайтын техникалар көбейді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше