Заң • Бүгін, 11:45

Қаржы пирамидасы 59 азаматты алдап соққан

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «S-Group» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады. Қаржы пирамидасының аймақтық бөлімшесін басқарғандар Көкшетау қаласында 59 азаматтың 136 миллион теңгесін заңсыз жолмен иемденген, деп жазады Egemen.kz.

 

Қаржы пирамидасы 59 азаматты алдап соққан

Фото: gov.kz

Олар салымшыларға жаңадан қосылған азамат қаржысынан 5 пайызын беруді уәде ете отырып, «S-Pharmaceutical» және өзге де жобаларға медициналық каннабис өндірісі мен дистрибуциясына инвестиция тарту сылтауымен алдап соққан.

Тергеу барысында қаржы пирамидасына қатысушылар сайт арқылы тіркеліп, бастапқыда кемінде 100 АҚШ долларына салым жасау керек болған. 

«Күдіктілердің бірі бұған дейін «Life Is Good» және «Finiko» қаржы пирамидаларына қатысып, сол жерден табыс тауып, кейін ұқсас схема арқылы өз жобасын құрған. Айыпталушылар салымшылардың ақшасына елордадан екі пәтер мен автотұрақ орнын сатып алған», делінген ҚМА хабарламасында. 

Сот олардың мүлкін пайдалануға тыйым салып, үш ұйымдастырушыға бұлтартпау шарасы қолданылған.