Аймақтар • Бүгін, 11:08

Қоғамдық орында мас күйінде жүрген атыраулық 25 күнге қамалды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының тұрғыны алкогольдік ішімдік ішуге салынған тыйымды бұзып, қоғамдық орында мас күйде жүрген. Оның бұл әрекетін бірнеше рет қайталағаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық орында мас күйінде жүрген атыраулық 25 күнге қамалды

Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 3-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 669-бабының 3-бөлігімен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) қозғалған әкімшілік іс қаралды.

«Азамат Н. 2025 жылғы 29 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен масаң  күйде жүрген. Ол Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 6 ай мерзімге мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу, алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салу жөніндегі қаулысын бұзған. Осылайша әкімшілік құқық бұзушылықтарды бір жыл ішінде бірнеше рет қайталаған. Н.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы, сауалнама хаттамалармен, сот қаулыларымен және іс материалдарымен расталды», деп хабарлады аталған соттан.

Сот қаулысымен Н. әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде 25 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.