
«Анаға құрмет» музейінің меңгерушісі Гүлнар Әбіш: «Ел ішінде «Ана – өмірдің бастауы, анаға құрмет – елге құрмет», деген түсінік бар. Бұл сөздің мәні терең. Астаналық ағайындарға ұсынылған «Аналар аманаты» көрмесі де осыны көздейді. Біз бұл мәдени шара арқылы жас ұрпаққа ұлттық тәрбиені сіңіріп, ананың ұлы миссиясын дәріптеуді мақсат етіп отырмыз» деді.
Кіндік қала көрермендері көрме экспозициясында қойылған қазақ аналарына қатысты ұлттық бояуы қанық киімдер, қолөнер бұйымдары, әз әжелер қолданған тұрмыстық заттар, фотосуреттер мен құнды құжаттар, сондай-ақ атақты ел аналарына арналған жәдігерлерді тамашалады.