
Павлодар облысы Тереңкөл ауданы орталығында ер адам ерлікпен қаза тапты. Ол жанып жатқан үйден әйелі мен үш баласын құтқара жүріп өз өмірін қиған.
- 9 қазан күні Тереңкөл ауылында жер үйдің отқа оранғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде ғимараттағы ағаш шатырдың конструкциялары жанып жатқан. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлеріне ес-түссіз күйдегі 1982 жылы туған ер адам тапсырылды. Ол өрт сөндіру қызметі келгенге дейін әйелі мен үш баласын терезеден шығарып алған. Отбасы мүшелерінің барлығы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.
Өкінішке қарай, ер адам ауруханада көз жұмған. Департамент мамандары өрт 100 шаршы метр аумақты шарпығанын айтады. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Павлодар облысы