Елорда • Бүгін, 15:32

Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 қазан сағат 10:00-де елордада жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

Фото: gov.kz

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акция аясында өтетін сенбілікте қала аумағы қоқыстан тазартылып, саябақтар мен гүлзарлар, аулалар және сауда, қоғамдық тамақтану нысандарының маңайы ретке келтіріледі. Сонымен қатар бас қаланың алты ауданында ағаш егу жоспарланған. 

Қала әкімдігі кәсіпорындар мен ұйымдарды, тұрғын үй иелері бірлестіктерін (МИБ, ПИК), шағын және орта бизнес өкілдерін, еріктілер мен белсенді қала тұрғындарын сенбілікке қатысуға шақырып отыр.