21 Наурыз, 2015

Айхай, Наурыз!

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Айхай, Наурыз, мінбей-ақ атшанаға, Ақ сәуле боп құйылдың саф санаға! Кешегі балауса қыз, Келін болып, Пай-пай, Наурыз айналған әпсанаға! Әпсанаға ақиқат айналарда Сұқтанбаңдар, жүректе айна барда! Ақ сабада сұлулық саумалы бар! Ақсамала сәуле бар айналамда! Айналамда ас салып тайқазанға, Айхай, Наурыз – ақ келін, тойды ажарла! Қай ғаламда жүрсің сен, пай-пай, Наурыз: Оймен арда ағаң жүр ойбазарда! Ойбазарда ағаң жүр оймен арда: Пай-пай, Наурыз, жүрсің сен қай ғаламда!? Тойды ажарла, ақ келін – айхай, Наурыз, Тайқазанға ас салып айналамда! Айналамда сәуле бар ақсамала! Саумалы бар сұлулық ақ сабада! Айна барда жүректе, сұқтанбаңдар, Айналарда ақиқат әпсанаға! Әпсанаға айналса пай-пай, Наурыз, Ақ келінге айналып, бақытты қыз! Саф санаға құйылдың ақ сәуле боп, Ат шанаға мінбей-ақ, айхай, Наурыз! Төрегелді Тұяқбай.