
Фото: gov.kz
300 автобустың 118-і қалаға жеткізіліп, желіге шығаруға әзірленіп жатыр. Ал қалған 182 қоғамдық автобусты алдағы 3-4 айда жеткізу жоспарланған.
«Жаңа автобустар желідегі көлік санын арттыруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде аялдамада күту уақыты қысқарады, жаңа бағыттар ашылып, ескі автобустар кезең-кезеңімен ауыстырылады», деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Қала әкімі LRT жобасының қазір қандай сатыда тұрғанын да айтты.
«LRT жобасын іске асыру жұмысы жалғасып жатыр, қазірдің өзінде сынақтық іске қосу жұмысы басталып кетті. Сондай-ақ, жолдар мен жол айрықтарын салу және жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары елордада екі көпір пайдалануға берілді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», деді Астана қаласының әкімі.