Жастар • Бүгін, 08:48

Ауыл жастарының алқалы жиыны

10 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты «Тау самалы» демалыс аймағында «Қарапайым жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Ауыл» партиясының бастамасымен республикалық «Auyl jastary» форумы өтті. Бұған еліміздің әр аймағынан белсенді жастар қатысты.

Ауыл жастарының алқалы жиыны

Форумда ауылдағы жастар мәселесі қозғалып, осы тақырып төңірегінде қатысушылар өз пікір­лерін ортаға салды. Ұйым­дастырушылар айтып өткендей, іс-шараның басты мақсаты – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік даму ісіне жастарды үгіттеу, олардың еңбегі мен идеялық күш-қуатын пайдалану.

Жиында Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитеті­нің және «Ауыл» партиясының төр­ағасы Серік Егізбаев сөз бас­тады. Партия жетекшісі жастарды елі­міздің болашағы үшін аса маңыз­ды бағыттардың бірі жасанды интеллект пен цифрландыруға белсене атсалысуға шақырды.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында жасанды интеллект пен цифрландырудың маңызы жөнінде ерекше атап өтті. Соған байланысты Үкіметке экономиканың барлық саласына жасанды интеллектіні енгізу туралы нақты тапсырмалар берді. Бұл – еліміздің алдағы үш жыл ішінде цифрлық державаға айналуға жол ашатын маңызды қадам. Мемлекет басшысы бір сөзінде: «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Бүгінгі таңда жүзеге асып жатқан барлық реформа, ең алдымен, жас­тар үшін жасалуда. Ертеңгі күні осы игілікті пайдаланып, елді алға жетелейтін де – сіздер. Мен үшін жастар – нағыз шабыт көзі», деген болатын. Сондықтан «Ауыл» партиясы өз қызметінде ауыл мен қала жастарының өсіп-өркендеуіне ерекше назар аударады, – деді С.Егізбаев.

Партия төрағасының айтуынша, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, креативті идеялары мен инновациялық бастамаларын қолдау мақсатында саяси ұйым ауқымды жұмыстарды атқарып жатыр. Атап айтқанда, партияның 25 жылдығына арналған «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» атты дебат өтті. Турнирдің іріктеу кезеңіне 17 аймақтан мектеп оқушылары мен студенттер, жалпы саны 1 200 жас қатысты. Сондай-ақ «Кітап – ру­ханият өзегі» республикалық акция­­сы аясында ауылдық кітап­хана­­ларға 30 мыңға жуық жаңа кітап­­тар тарту етілді. Бұл бастама ауыл жастарының білімін көтеру­ге, мә­дениетін жоғарылатуға бағытталды.

Бұдан бөлек, студенттер арасында «Инновациялар. Тұрақ­тылық. Болашақ» атты хакатон ұйымдастырылып, 21 оқу орны­нан 175 жас өз жобаларын ұсын­ды. Сондай-ақ партияда Креатив және жастармен жұмыс департа­менті белсенді жұмыс атқарады. Департамент жастардың бастамалары мен шығармашылық идеяларын қолдауға, оларды шынайы іске асыруға қызмет етеді. Осы орайда С.Егізбаев жастарда қандай да бір үздік, мықты идеялар мен ұсыныстар болса, партия оларды бірге жүзеге асыруға әрқашан дайын екенін жеткізді. Сол үшін «ауылдықтар» бастамашылдық танытып, елдің цифрлық болашағы­на үлес қосатын жастардың та­бысты жобаларына қашан да қолдау көрсетеді деді.

Форумда Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов, «Ауыл» пар­тиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Төрегелді Қалмұратов, Төле би ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов және басқа да бірқатар қонақ сөз сөйлеп, жастарға өздерінің тілектерін арнады.

Республикалық «Auyl jastary» форумының соңында барлық қатысушы жастар бірауыздан Үндеу қабылдады.

«Біз, «Ауыл жастары» атты рес­пуб­ликалық жастар форумының қаты­сушылары құрдастарымызды, оның ішінде бірлестіктер мен ерік­ті­лер қауымдастығының жас мүшелерін Әділетті Қазақстан қоға­мын құруға бағытталған Прези­дент бастамаларын қолдауға шақыра­мыз. Біз қоғамдағы «Заң мен тәртіпті», еңбек адамының қадірін мойындаймыз. Біз технология­лық ілгерілеудің, жасанды интеллект пен цифрлық дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық. Біздің буын өзінің білім деңгейімен уақыттың жаңа сын-қатерлеріне төтеп беруге тиіс. Президент жас ұрпаққа үнемі ерекше сенім білдіріп, мемлекеттік деңгейде қабылданатын барлық шешімде олардың мәселесін ескеріп отырады. Бұл – біз үшін зор мүмкіндік қана емес, үлкен жауапкершілік. Бұл орайда біз Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді, білім мен кажыр-қайратымызды жұмсауға дайынбыз. Біз, «Ауыл» партиясының жастар қанаты, Үкіметті, барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды ауылдың дамуына, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударуға шақырамыз!» делінген Үндеуде.

Жалпы, партия өкілдері «Дипломмен – ауылға!», «Кең дала», «Агро бизнес», «Іскер», «Ауыл аманаты» сияқты түрлі мемле­кеттік бағдарламаларды тиім­ді жүзеге асыру арқылы ауылды көр­кейтуге, Қазақстанды экономи­касы дамыған, әлеуметтік жағ­дайы жақсы елдердің қатарына қосу­ға болатынын жеткізді. Ал бұл жолда жастардың белсенділігі қа­жет-ақ. Ауқымды форумның ұйым­дас­тырылу мақсатының бірі осы идеяға жастарды ұйыстыру екені аян.

 

Түркістан облысы